"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БҰЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА БУЛАНДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 сынып сабақтан үзінді "Шамалар және өлшемдер Заттарды ұзындығы бойынша салыстыру" Кабенке Айжан

22.10.2020
Оқу ісінің меңгерушісі:
 
Сабақ тақырыбы: Шамалар және өлшемдер
Заттарды ұзындығы бойынша салыстыру Мектеп: Бұланды орта мектебі
Күні :  21.10.2020ж Мұғалімнің есімі: Кабенке А.Б
СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны: 
Қатыспағандар саны: 
Оқу мақсаты: заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды біледі;
ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық) шамала-рын ажыратады және оларды өлшеу үшін құралдарды таңдап, өлшемдер жүргізеді.
Барлық оқушылар:
Оқушылардың басым бөлігі:
Кейбір оқушылар:
Ресурстар: көрсетуге арналған: ұзындықтары мен түстері әртүрлі шалбардың екі белбеуі;
 
ұзындықтары әртүрлі екі қағаз жолағы. Әрбір оқушыға арналған:
ұзындығы әртүрлі 10 см көлеміндегі қатты қағаздан жасалынған жолақтар.
Әр жұп оқушыға арналған:
әрбір жолақты өлшеуге қажетті жеткілікті мөл-шерде ұсақ заттар (мысалы, қағазқыстырғыштар, түйреуіштер, сіріңкелер, болттар т.с.с.) оқушы-лардың әрбір тобына арнап Ұ, З, Ы, Н, Д, Ы, Қ әріптері жазылған парақшалар.
Тірек сөздер ұзындық;
 
ұзын;
 
қысқа;
 
биік;
 
аласа.
Сабақтың мақсаты: Заттың ұзындықтарын салыстыру дағдысын да-мыту; заттарды ұзындықтарына қарап салыстырудың нәтижесіне назар аударту.
 
Сабаққа байланысты деректі материалдар
Сабаққа қатысты ескертпелер
 
Оқушылар сабақ барысында заттарды беттестіру тәсілімен және әркелкі өлшем бірліктерімен ұзын-дықтарына қарап салыстыруды үйренеді. Оқушылар ағаштар мен ғимараттардың биіктіктері де, адамның бойлары да ұзындыққа жататынын түсінеді. Оқушыларға екі жолақты ұзындықтарына қа-рап салыстыруға ұсыныс жасаңыз және біріншісі екіншісінен қысқа екенін анық көре алатын-дай жолақтарды көрсетіңіз. Оқушылар бір жо-лақ — ұзын, екінші жолақ — қысқа деп жауап бере алады. Қай заттың ұзын, ал қай заттың қысқа екенін көзбен көре алмаған жағдайда не істеу керек еке-нін оқушылардан сұраңыз. Шалбарға арналған екі белбеуді көрсетіңіз. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Олар тиімді ұсыныс айтуы мүмкін. Содан кейін екі оқушының көмегімен беттестіріп салу тәсілін көрсетіңіз. Белбеулерді бірінің үсті-не бірін, бір ұшы бір-бірімен сәйкес келетіндей етіп салыңыз. Ұзындықтарына қарай белбеулердің айырмашылығын тіркеңіз. Ал белбеулердің екінші ұшының сәйкес келмейтінін көрсетіңіз. Бұл нені білдіретінін сұраңыз, жауаптарын тыңдаңыз (бір белбеу — ұзын, екіншісі — қысқа).
 
Кіріспе тапсырма. Жұптағы оқушыларға қатты қағаздан жасалған екі жолақты беттестіріп салу тәсілімен салыстырып көруді ұсыныңыз. Әр оқушыға өз қағаз жолағын алып, оны партадағы көршісінің жолағымен салыстыруды және оның нәтижесін айту-ды ұйымдастырыңыз. Кейін екінші оқушы өз жолағын алып, басқа оқушының жолағымен салыстырсын. Сөй-тіп жұп құрамын ауыстырып отырыңыз. Тапсырманы орындауға қажетті уақыты жұмыс нәтижесіне қарай өзіңіз реттеңіз. Бұл тапсырма екі затты ұзындығына қарап беттестіріп салу тәсілімен салыстыру дағдысын қалыптастырады. Әрі қарай оқушыларға өлшеуішті (кеңсе қағазқыстырғышын алуына болады) таңдап алуына және осы өлшеуіштермен қағаз жолақтарды өлшеуге ұсыныс жасаңыз. Қажет болған жағдайда оқушыларға сандарды дөңгелектеуге көмектесіңіз. Өлшеу нәтижесін сұраңыз. Оқушыларға бірінші жолақ екінші жолақтан қанша қағазқыстырғышқа ұзын немесе қысқа екенін анықтатыңыз. Өлшеуіштер саны бойынша салыстырудың бұл тәсілі оқушыларды бір заттардан басқалардан қанша өлшем бірлікке ұзын немесе қысқа екенін анықтауға үйретеді. Қай қарындаш ұзын? Қайсысы қысқа
Тапсырманы оқушылардың барлығына орында-тып, артынан сұрақтар қойыңыз:
— Қай қарындаш ең ұзын?
— Қайсысы ең қысқа?
— Қарындаштарды ең қысқасынан ең ұзынына дейін ретімен ата.
Ағаштарды биіктігі бойынша салыстыр. Оқу-шыларға үйлердің, бұталардың, ағаштардың биік-тіктерінің (төменнен-жоғарыға қарай орналасқан заттар) де ұзындық болып табылатынын түсінді-ріңіз. Ағаштарды биіктіктеріне қарап салыстыруға ұсыныс жасаңыз. Тапсырманы сынып оқушыларының барлығына орындатыңыз және сұрақтар қойыңыз:
— Суретте қанша ағаш бейнеленген?
 
— Олар бойлары бойынша орналасқан ба? (биік-тіктері бойынша.)
 
— Олардың арасындағы ең биік ағаш қайсы?
— Қай ағаш ең аласа?
— Олардың арасында биіктігі тең ағаштар бар ма?
 
Ағаштарды бойлары бойынша қоюды ұсыныңыз: аласа ағаштан биік ағашқа дейін және керісінше.
 
Отбасы мүшелерін бойлары бойынша орна-ластыр. Адам денесінің ұзындығы, яғни адамның биіктігі — бұл оның бойы екенін түсіндіріңіз. Адамдарды бойларына қарап салыстыруда “ұзын”, “қысқа” сөздерін қолданыңыз.
 
Тапсырманың суретіне қарауды ұсыныңыз. Отбасы мүшелерін бойы бойынша орналастыруды сұра-ңыз. Оқушылар қандай ретпен орналастыратынын өздері таңдап алуы керек. Орындап көр. Барлық оқушыларды талқылауға қатыстырыңыз. Оқушыларға сыныптағы заттарды мұқият қарауды және көзбен ең биік, ең аласа заттарды анықтауды ұсыныңыз. Қай заттар партадан биік, ал терезенің жақтауынан аласа?
Шығарып көр. Оқушыларға суретке қарап, ненің ұзын екенін анықтауды ұсыныңыз: моншақ па, әлде таяқша ма? Тапсырманы орындау барысында оқушылар бұл екі заттың ұштары бір-бірімен дәл келетініне назар аударуы тиіс. Бірақ оқушылардың моншақтың ирек-ирек болып тұрғанына және таяқ-шаның түзу екеніне назар аударуын ескерту керек. Жауабы:
моншақ таяқшаға қарағанда ұзын, өйткені таяқша түзу, ал моншақтың жібі иілген.
  Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
Қосымша тапсырмалар
 
Сабақ барысында оқушылардың өз сөздерінде математикалық терминдерді дұрыс айтып және орынды қолдануына қолдау көрсетіп отырыңыз. Топпен немесе жұппен талқылау кезінде оқушы-лардың коммуникативтік дағдылары дамиды (бірін-бірі тыңдай білуі, өз көзқарасын дәлелдеп айта білуі, сұрақтарға негіздеп жауап беруі).
Ұзындықты өлше. Оқушылар иллюстрацияны пайдаланып, заттардың ұзындығын өлшеуіштің саны бойынша анықтайды. Олар ең ұзын затты анықтап, оны қызыл қарындашпен айналдыра сызады. Содан кейін ең қысқа затты анықтап, оны көк қарындашпен айналдыра сызулары керек.
Жауабы:
шанышқының ұзындығы 4 шегеге; пышақтың ұзындығы — 5 шегеге; ожаудың ұзындығы — 6 шегеге тең.
Таспа сал. Оқушылардан сызғышты қолданбай берілген таспадан ұзын немесе қысқа таспаны салуды сұраңыз. Көзбен шолу арқылы таспаның ұзын немесе қысқа болып шыққанын міндетті түрде анықтау қажет.
Үйдің суретін сал. Оқушыларға берілген үйге қарағанда биік үй салдырыңыз.
Бағалау Оқушылар сабақ соңында:
заттарды ұзындығына, биіктігіне және адамдарды бойына қарап салыстыруды;
заттарды ұзындығына қарап салыстыру нәтиже-сін тіркеуде салыстыру өлшемдерін білдіретін
сөздерді қолдануды меңгереді.
Оқушылардың сабақ материалын меңгеру дең-гейін тексеру үшін сұрақтар қойыңыз:
— Заттарды ұзындықтарына қарап қалай са-лыстыру керек? (Ненің ұзын немесе қысқа екенін білу керек.)
— Заттарды биіктіктеріне қарап қалай салысты-ру керек? (Ненің биік немесе аласа екенін білу керек.)
— Адамдарды бойларына қарап қалай салысты-ру керек? (Кімнің ұзын немесе қысқа екенін білу керек.)
— Неге биіктік пен бой ұзындыққа жатады? Сендер қалай ойлайсыңдар?
— Ұзындықты әртүрлі өлшемдермен өлшеуге болады. Барлығы үшін ортақ стандартты өлшем бірліктері керек пе? Қалай ойлайсыңдар? Неліктен керек?
Оқушылардың өзін-өзі бағалауын жұмыс дәп-теріндегі “Жетістік баспалдағының” көмегімен өткізіңіз.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Оқу ісінің меңгерушісі:
 
 Күні:21.10.2020ж
Сынып: 1 Қатысқандар саны: 
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Менің мектепке баратын жолым. Т дыбысы мен әрпі..
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту  
1.8 Берілген тақырыпқа  әңгіме құрап айту
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. 
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. 
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Т дыбысы мен әрпі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут Ертеңгілік шеңбері
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
 
Шаттық шебері
 
 
 
 
 
 
 
 
Сабақтың ортасы
8 минут
 
№1 Оқылым
№2Тыңдалым.
№3 Сенің мектепке баратын жолыңда не бар?
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті
1 минут Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)
Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)
Көктен төмен  әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды) Сергіту сәтіне арналған жинақ
Қызықты тапсырма
8 минут №4 Мектептен қайтар жолда үйлерде, көлік аялдамаларында кездесетін шартты белгілерге назар аудар.Мұндай белгілер үйге қайтар жолды есте сақтауға көмектеседі. Түрлі тапсырмалар
Аяқталуы
 
16 минут
 
№5  Тышқан ініне жету үшін нелерді кездестіргенін сызық бағытына қарап болжа.
Оқулық, дәптерлер.
Сабақтың соңы
2 минут
Рефлексия
Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі  бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді.
Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын. 
 
Микрафон
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз? 
Пәнаралық байланыс 
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы 
АКТ 
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Оқушылар өздері жасаған  бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
 
 
Просмотров: 488


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст