"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БҰЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА БУЛАНДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Шағын Отан неден басталады?"

15.11.2017

«Шағын Отан неден басталады?»

Менің атым Бирликқызы Нурмарал  2003 жылы 28 тамыз күні МХР –ның Баян –Өлгий аймағында дүниеге келдім. Қазір  Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы. Бұланды орта мектебінде 10 «А» сыныбында оқимын. Отбасымда әкем, анам, әпкем, мен үш сіңілім және екі інім бар. Әкем мен анам қарапайым шаруалар, әпкем Елордамыз Астанада  2 курс студенті. Ал қалғандарымыз мектепте сабақ оқимыз. Ата- анамыздың және ұстаздарымыздың берген жақсы тәлім тәрбиесінің арқасында үлгілі және ибалы қыз болып өсіп келемін. Сабағым да жақсы. Бос уақытымда әдеби кітаптар оқумен қатар шығармашылықпен айналысамын.

       Әрине шағын Отан отбасынан басталады. Себебі отбасы шағын мемлекет сияқты отағасы сол отбасының Президенті болса, отанасы оның серігі орынбасары, әрі кеңесшісі болып табылады. Сонымен қатар отбасындағы балалары мен өзге де мүшелері сол отбасының құрамына енеді. Содай-ақ отбасының  құрамындағы  мүшелерде өзіндік үлестерін қосу арқылы сол шағын Отанға мүшелікке ене алады. Мінеки «Шағын Отан» дегеніміз осылай

құралады. Біздің «Шағын Отан»  құрамында тоғыз адам бар.     

Олар: Әкем, анам, әпкем мен үш сіңілім және екі інім. Әркім өз міндетін атқару арқылы Шағын Отанның шаңырағын шайқалтпай, түтінін түзеп отын жағып ұрпағын өсіріп, өндіріп келе жатқанына биыл жиырма жыл толды. Біздің мемлекетке яғни Қазақ елінің Тәуелсіздік алғанына  25 жыл толса, менің Шағын Отанымның шаңырақ көтергеніне 20 жыл болды. Осылайша біздің «Шағын Отан» өзінше бір кішкентай мемлекет сияқты өз мақсат –мүддесін,  арман тілегін орындап шаңыраққа шаттық сыйлап келеді. Әрине бұл біздің Еліміздің тыныштығы мен бейбіт өмір сүруіміздің арқасы емеспе. Әрбір шағын Отан яғни әр отбасы бақытты өмір сүруінің себебі бейбіт, бірлік және ынтымақтың арқасы деп білемін. Ынтымағы жарасқан елдің ұрпағы ғана бақытты да саламатты өмір сүреді.

Елбасының мына бір сөзіне үңілсек «Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы»,  «Ал біздің Қазақстанда әркімнің тұрақты өмір сүріп және отбасын асырап қана қоймай, балаларына білім беріп және болашақты жоспарлау мүмкіндігі бар».  деп тұжырымдаған болатын.

           Шағын Отаннанның президенті мен оның орыбасары болашақ ұрпаққа жан-жақты тәрбие беру   және оларды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, азулыға тістетпей, айлалыға алдырмау үшін  барын салады. Ол үшін ата-ана мектеппен, мұғалімдермен, тәрбишілермен, ұжыммен және қоршаған ортамен тығыз байланысқа түседі. Сонда ғана «Шағын Отан» шаңырағы шайқалмай, шаттыққа бөленіп өзінше бір кішкентай мемлекет болып қалыптаса бастайды. Қалыптасқан шағын мемлекетті құлатпай ыдыратпай ары қарай дамыта түсу үшін «Шағын Отан»-ның президенті мен оның орынбасары  үнемі ізденіс үстінде және еңбекқор болуы тиіс. Осындай көп ізденіс пен еңбектің арқасында ғана шағын Отан жақсы нәтиже бере алады. Нәтиже демекші ата- ана балаларын материальдық жағдаймен қамтып қана қоймай, моральдық жағдай да қалыптастыра білуі керек.

           Сонымен қатар өскелең ұрпақ Қазақтың ұлттық құндылықтарын да бойына сіңіріп өсуі тиіс.Отбасында осындай ерекше тәрбие алған бала болашақта елін жерін Отанан қорғау үшін жан-тәнімен беріледі.Шағын Отаныңда өзінің алға қойған мақсаты мен арманы болады.

Олар: Жақсы үлгілі отбасы болуға және отбасы мүшелерінің әр қайсысының алдағы жетістіктерге жетуге және болашақта еліне жеріне үлесін қосатын патриот болуға үйрету. Сонымен қатар сол шағын Отанының мәртебесін көтеріп шаңырақты шайқалтпай ұстауға, үлестерін қосуға баулиды.

Ата-ана балаға жан жақты тәрбие беру арқылы ғана елін жерін қорғайтын саламатты азамат болып өсуіне ықпал ете алады. Осындай жан жақты тәрбие арқылы   бала бойына шағын Отанға деген сүйіспеншілік оянып қана қоймай елін жерін Отанын қорғауға дайын ұрпақ пайда болады. Сол ұрпақ болашаққа деген нық қадам басып, келешекте өз ізбасарларына осындай тәрбие бере алады. Шағын  Отаннан алған тәрбие мен ұлттық құндылықтар бала кезінен  бойына сіңіп ол  адамның өмірлік азығы бола алады.

           Елбасы Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың сөзіне назар аударар болсақ «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол  тәуелсіз Қазақстан.

Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет.

Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!

Көптеген елдерді араладым. Табиғаты ғажайып талай өлкенің сұлулығына көз құмарымды суардым. Бірақ, бәрі де өзім туып-сөкен қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жанбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен…» демекші әркімнің тай құлындай тебіскен, асыр салып ойнаған жұмақ мекені өз  Отанына, Еліне, Атамекеніне ештеңе жетпейді. Сондықтан да барымызды бағалай білейік. « Өз үйім, өлең төсегім» -деген мақалды ары қарай «Өз елім жұмақ мекенім» деп толықтырғым келеді. Әрине әрбір адамның өз үйі, өз елі ерекше. «Өзге елде Сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» дейді атам қазақ. Өз елімізге кішкентай болсада үлес қосу үшін тырысайық ағайын! « Отансыз адам ормансыз бұлбұл» дейді  Шағын Отан мен

Дарқан даламыздың қадірін біле жүрейік дегім келеді.

 

Просмотров: 441


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст