Текст
07.09.2026
Бейімделу сабағы: Алғашқы қадам
1-сынып оқушыларының мектепке кедергісіз әрі қуанышпен бейімделуі мақсатында «Біз енді оқушымыз!» атты алғашқы бейімделу сабағы өткізілді.
Іс-шара барысында балалар бір-бірімен танысып, жағымды психологиялық ахуал қалыптастырды. Ойын элементтері мен қызықты тапсырмалар арқылы оқушыларға мектеп ережелері, партада дұрыс отыру және сыныптағы достық қарым-қатынас негіздері түсіндірілді. Мұндай сабақтар балалардың бойындағы уайым мен қорқынышты азайтып, мектепке деген оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.
Педагог-психолог Абилкалыкова Д.Е.