"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БҰЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА БУЛАНДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тірі ағзаларға тән үдерістер» Лессон стади зерттеу сабағы

06.02.2026

Жаратылыстану пәнінен 6 сыныпта «Тірі ағзаларға тән үдерістер» тақырыбында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен оқу ынтасын арттыру мақсатында Lesson Study аясында зерттеу сабақтары өткізілді.

 

Сабақ барысында оқушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған тәжірибелік тапсырмалар, топтық жұмыс, зерттеу элементтері, сұрақ-жауап және кері байланыс әдістері тиімді қолданылды. Нәтижесінде оқушылар тақырыпты өз бетінше зерттеп, ой бөлісуге белсенді қатысты. Сабақта  https://arqan-taru-balalar.lovable.app/ және https://wordwall.net/ru/resource/27965513  ресурстары қолданылды.

Зерттеу кезінде А, В, С деңгейіндегі оқушылардың оқу үдерісіне қатысуы бақыланды.

            •          А деңгейіндегі оқушы тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, өз ойларын еркін жеткізді;

            •          В деңгейіндегі оқушы топтық жұмыста белсенділік танытып, ынтасы артқаны байқалды;

            •          С деңгейіндегі оқушы тәжірибелік және көрнекі тапсырмалар арқылы сабаққа тартылып, қызығушылығының өскені анықталды.

 

Lesson Study нәтижесінде қолданылған әдіс-тәсілдер оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, оқу мақсаттарына жетуге оң әсер етті. Алынған деректер негізінде келесі сабақтарды жоспарлауға арналған ұсыныстар әзірленді.

 

Қорытындылай келе, Lesson Study жаратылыстану сабағында оқушылардың ынтасын арттыруға және оқыту сапасын жақсартуға тиімді әдіс екені дәлелденді.

«Lesson Study» тобының жетекшісі Адий Аманжол

Просмотров: 806


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст