Текст
27.03.2026
Көктемгі демалыс уақытында 9 А сыныбында «Қазақтың тыйым сөздері» атты онлайн сынып сағаты өткізілді.
Қазақтың тыйым сөздері – халықтың өмірлік тәжірибесінен туған, тәрбие мен әдептілікке баулитын қысқа әрі мәнді нақыл сөздер. Олар адамды жаман әдеттен сақтандырып, дұрыс жолға бағыттайды. Тыйым сөздер – тек шектеу емес, ол тәрбие құралы. Олар арқылы ата-бабамыз:
• адамгершілікке,
• тазалыққа,
• табиғатты қорғауға,
• үлкенді құрметтеуге үйреткен.
Сынып жетекшісі: Адий Аманжол