Текст
03.09.2026
6 А, 9А, 10А сыныптарында 1 қыркүйек - білім күні салтанатты жиыннан кейін «Таза Қазақстан: Конституция құндылықтары – экологиялық мәдениет пен жауапкершіліктің негізі» атты сынып сағаты оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясындағы табиғатты қорғау, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау құндылықтарын түсіндіру, экологиялық мәдениетін қалыптастыру,туған жердің тазалығын сақтауға және қоғамдық жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Әділдік, жауапкершілік, отаншылдық, еңбекқорлық, бірлік, табиғатқа құрмет сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған әртүрлі тапсырмаларды оқушылар орындады. Сынып жетекшілері: Адий Аманжол, Ахметжанов Бауыржан