"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БҰЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА БУЛАНДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәуелсіздік - ата- бабам аңсаған!

25.12.2018

Тәуелсіздік ата бабам аңсаған!

Еліміздің тәуелсіздік алаған күні тарихи мереке болып келе жатқанына биыл жиырма жетінші

жылға аяқ басты. Елдігімізді алып, еңсемізді тіктеп, елбасымызды сайлап

болашаққа нық сеніммен қадам басыппыз сонау 91 дің желтоқсанында. Басынан небір

қиыншылықты өткізген қазақ елі бүгінде өз алдына дербес мемлекет. Дербестігіміз

мәңгі болсын!

Бұланды орта мектебінде биыл да әдеттегідей тәуелсіздік күніміз ерекше аталып өтті. Мерекеге

орай концерттік бағдарламаны мектеп ұстаздары мен оқушылары бір кісідей

дайындағаны айқын. Сахна төріне қазақтың батырлары мен қыран билерін орындаған

бүлдіршіндер де шықты. Шымылдық ашылған бетте көрермен назарына «Бәйтерек –өмір

ағашы атты» тарихи қойылым ұсынылды. Қойылымның мақсаты көрерменге  тәуелсідіктің оңай жолмен келмегенін,

халқымыздың тарихитағы небір қилы заманды бастан өткергенін, сонымен қатар

Алтын  құс Самұрықтың  еркіндіктің символы екендігін ұғындыру болды.

Қойылымның негізгі идеясының бірі Байтерек монументі мәңгі тіршілікті, мәңгі

өмірді сипаттайтынын және оның авторы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екенін

көпшілікке ұғындыру болып саналады. Мерекеде мектептің жас ұландары керемет ән

шырқады. Ұстаздардың орындауындағы Астана ән шашуы мерекенің көркін қыздырды.

Ал «Аялы Астана» флэшмобы концерттік соңында көрермендерді бір серпілтіп

тастады. Біздің өткеніміз – келешегімізге  қару, рух жаңғырып, мәдениетіміз өркендеп, еліміз дамып қарыштай берейік тілегіміз!Теңдігіміз бен елдігімізге сызат түспесін ағайын!



Просмотров: 509


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст