«Педагог мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қаңтар айында ҚР Үкіметінде, ал ақпан айында ҚР Парламентінде қаралады. Заңдарға ағымдағы жылдың маусым айында қол қойылады.
Білім және ғылым министрлігі «Педагог мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары әзірледі. Болашақ заңның мазмұнын кеңінен талқылау мақсатында БҒМ сайтында және «Білімді ел» — «Образованная страна» газетінде ««Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын талқылау» тақырыбында арнайы айдарлар ашылды.
Заң жобасы ел мұғалімдерін жоба мазмұнымен таныстырып және талқылап, оларға өз ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік беру мақсатында WhatsApp-таралым арқылы барлық чаттарға бағытталды. Бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, мұғалімдер ұжымдарында заң жобасы белсенді түрде талқылануда. Заң жобасы бойынша 8 мыңнан астам ұсыныстар келіп түсті. 2018 жылдың желтоқсан айында аталмыш заң жобасы Алматы қаласының педогогтары арасында кеңінен талқыланды.
2018 жылдың 14 желтоқсанында Әділет министрлігінде Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысында «Педагог мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының тұжырымдамасы барлық комиссия мүшелерінің қолдауына ие болды. «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасында педагогтердің құқықтық жағдайын сапалы түрде жақсартуға және олардың әлеуметтік қорғалуына кепіл болатын, педагогтердің қызметіне қатысты құқықтық және әлеуметтік-экономикалық қатынастарын реттеу қарастырылған.
«Педагог статусы туралы» заң жобасы сіздің назарыңызға ұсынылады — талқылау жалғасуда. www.bilimdinews.kz сайтындағы «Педагог статусы туралы» заң жобасын талқылау» айдарында заң жобасын оқыңыздар, түсініңіздер, талқылаңыздар, өз ұсыныстарыңыз жəне ойларыңызбен бөлісіңіздер!
«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
(ЖОБАСЫ)
Осы Заң педагогтің жеке тұлға мен қоғамды дамытудағы ерекше рөлін, осы рөлге сәйкес келетін жағдайды қамтамасыз етудің маңыздылығын негізге ала отырып, кәсіптік қызметке байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және педагогтің құқықтық мәртебесін сапалы жақсартуға, оның әлеуметтік-экономикалық қорғалу кепілдіктерін қамтамасыз етуге бағытталған.
I тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) педагог – білім беру ұйымымен еңбек шартының негізінде білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу және (немесе) білім беру қызметін ұйымдастыру жөніндегі кәсіптік қызметті жүзеге асыратын тұлға;
2) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
3) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) ұлттық біліктілік тестілеуі – педагогтің кәсіптік даярлық деңгейін айқындауға және (немесе) білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлеген тестілер бойынша біліктілік санатын беру үшін біліктілік сәйкестігін растауға бағытталған бағалау жүйесі;
5) педагогтің кәсіптік стандарты – білім беру саласындағы біліктілік деңгейіне және құзыреттілігіне, мазмұнға, сапаға және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
6) тәлімгерлік – білім беру ұйымының басшысы (тәлімгер) айқындайтын, педагог ретінде жұмысқа алғаш қабылданған адамға кәсіби бейімделуге практикалық көмек көрсету бойынша кемінде 5 жыл өтілі бар педагогтің ақы төленетін қызметі;
7) қайта даярлау – басқа кәсіпті немесе мамандықты меңгеруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;
8) педагогтің академиялық адалдығы – оқытудағы, бағалаудағы және зерттеудегі адалдықты дамытатын құндылықтар мен қағидаттар жиынтығы.
2-бап. Педагог мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы
Педагог мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
II тарау. Педагог мәртебесі және оның педагогикалық қызметі
3-бап. Педагог мәртебесінің мазмұны
4-бап. Педагог мәртебесіне ие тұлғалар
5-бап. Педагог әдебі
6-бап. Педагогтің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау
7-бап. Педагогтің кәсіптік қызметін қамтамасыз ету шарттары
8-бап. Педагогті оның кәсіптік міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тарту
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагогті оның кәсіптік міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға;
2) педагогтен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген есептіліктің не ақпараттың қандай да бір нысандарын ұсынуды талап етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексерулерді жүргізуге жол берілмейді.
9-бап. Педагогке кәсіптік қызметке рұқсат беру
білімнен кейінгі білімі және біліктілігі бар адамдарға тиісті педагогикалық қайта даярлаудан өткеннен және Ұлттық біліктілік тестілеуінен өту нәтижелері бойынша сертификат алғаннан кейін педагог ретінде кәсіптік қызметпен айналысу құқығы беріледі.
10-бап. Педагогтің кәсіптік қызметпен айналысуына рұқсат беруді шектеу
Білім беру ұйымдарында педагогтің кәсіптік қызметіне:
1) заңды күшіне енген сот үкіміне сәйкес педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылған;
2) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған;
3) медициналық қарсы көрсетілімі бар;
4) психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұрған;
5) адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларының негізінде оларға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда) адамдарға жол берілмейді.
III тарау. Педагог құқықтары
11-бап. Педагогтің кәсіптік қызметтегі академиялық бостандықтары мен құқықтары
1) өзінің ойын білдіруге;
2) оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық негізделген нысандарын, құралдарын, әдістерін таңдауға және қолдануға;
3) кәсіптік қызметті ұйымдастыру түрлері мен нысандарын таңдауға;
4) білім алушылармен және тәрбиеленушілермен жұмыстың нысандары мен әдістерін таңдауға;
5) білім алушылардың оқу жетістіктерін нақты бағалау үшін әдістерді таңдауға және қолдануға;
6) кәсіптік қызметіне араласудан академиялық бостандыққа ие.
1) кәсіптік қызметпен айналысуға;
2) кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге;
3) ғылыми, зерттеу, шығармашылық, эксперименттік қызметті жүзеге асыруға, педагогикалық практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;
4) шығармашылық бастамашылыққа, оқыту мен тәрбиелеудің авторлық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеуге және қолдануға;
5) оқулықтарды, оқу құралдарын, материалдарды және оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мен тәрбиелеудің өзге де құралдарын таңдауға;
6) оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын, күнтізбелік оқу кестелерін, әдістемелік материалдарды және білім беру бағдарламаларының өзге де құрамдауыштарын әзірлеуге қатысуға;
7) жұмыс орны бойынша білім беру ұйымында сайлануға және сайланбалы қызмет атқаруға;
8) білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты мәселелерді, оның ішінде басқару органдары және қоғамдық ұйымдар арқылы талқылауға қатысуға;
9) білім беру ұйымының алқалы басқару органдарының жұмысына қатысуға;
10) үздіксіз кәсіби дамуға және біліктілікті арттыру нысандарын таңдауға;
11) біліктілік санатын беруге (растауға) ;
12) өзінің кәсіптік қызметінде ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық, оның ішінде оқыту және тәрбиелеу құралдарымен қамтамасыз етуге;
13) кітапхананы және ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, сондай-ақ ақпараттық-телекоммуникациялық желілер мен деректер базасына, оқу және әдістемелік материалдарға, кәсіптік қызметті сапалы жүзеге асыру үшін қажетті білім беру қызметін қамтамасыз етудің материалдық-техникалық құралдарына қол жеткізуге;
14) қызметі заңнамаға қайшы келмейтін қоғамдық бірлестіктердің мүшелігіне кіруге;
15) жеке педагогикалық қызметке;
16) кәсіптік қызметтегі жетістіктері үшін көтермеленуге;
17) әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға;
18) педагогтің педагогикалық әдебі нормаларының бұзылуын әділ және объективті тергеп-тексеруге;
19) педагогикалық өтілі мен жалақысы сақтала отырып, ұзақтығы бес жылда бір рет кемінде 6 ай ғылыми қызметпен айналысу үшін шығармашылық демалыс алуға;
20) ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдеріне білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша консультация беруге, оларға оқыту мен тәрбиелеу үшін ортақ жауапкершілік қағидаттарын түсіндіруге;
21) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және шарттарда кәсіптік дағдыларды қолдау және арттыру үшін кәсіпорын базасында тағылымдамадан өтуге;
22) білім беру ұйымы, жергілікті атқарушы органдар және білім беру саласындағы уәкілетті орган басшысының бұйрықтары мен өкімдеріне шағымдануға құқылы.
12-бап. Материалдық қамтамасыз ету құқығы
Мемлекеттік білім беру тапсырысын айқындау кезінде әскери, арнайы оқу орындарын, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамының жалпы санын есептеу үшін білім алушылар санының оқытушыларға орташа арақатынасын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Қазақстан Республикасының заңнамасында педагогке қосымша ақылардың басқа да түрлері қарастырылуы мүмкін.
философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежесі үшін бір айлық ең төменгі жалақы мөлшерінде;
ғылым кандидаты дәрежесі үшін бір айлық ең төменгі жалақы және ғылым докторы дәрежесі үшін екі айлық ең төменгі жалақы мөлшерінде;
орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы магистр дәрежесі үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде;
профессор, қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде қосымша ақы белгіленеді.
13-бап. Педагогке біліктілік санатын беру (растау)
14-бап. Әлеуметтік кепілдіктер
1) бастапқы жарнасыз жеңілдікті кредит беру бойынша тұрғын үй сатып алуға, сондай-ақ қызметтік тұрғын үй және (немесе) жатақхана алуға басым құқыққа;
2) қызметтік тұрғын үй-жайда бірге тұратын педагог отбасының мүшелері педагог қайтыс болған (қаза тапқан) жағдайда, оларды қызметтік тұрғын үй-жайды қалдық құны бойынша жеке меншікке сатып алуға тілек білдірген кезде мәжбүрлеп шығаруға болмайды;
3) ұзақтығы күнтізбелік 56 күнге төленетін жыл сайынғы еңбек демалысына;
4) белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанға дейін педагогикалық жұмысының отыз жылдық өтілі болған жағдайда зейнеткерлікке шығуға әлеуметтік кепілдіктерге ие.
1) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қала жағдайында педагогикалық қызметті жүзеге асыратын педагогтің мөлшерлемелерімен салыстырғанда айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер кемінде жиырма бес пайызға арттырылып белгіленеді;
2) жергілікті өкілді органдар бекіткен тәртіппен және мөлшерде бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетіледі;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері бөлінеді;
4) жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімі бойынша жеке меншігінде малы барларға жемшөп, мал жаю және шөп шабу үшін жер учаскелері ұсынылады.
1) оларға кезекті еңбек демалысын беру кезінде екі лауазымдық жалақыдан кем емес мөлшерде күнтізбелік жылда бір рет сауықтыруға арналған жәрдемақы;
2) «Үздік педагог» атағын иеленушіге – айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінде сыйақы;
3) «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын иеленушіге жұмсау бағытын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінде мемлекеттік грант төленеді.
15-бап. Көтермелеу құқығы
IV тарау. Педагогтің міндеттері мен жауапкершілігі
16-бап. Педагогтің міндеттері
1) кәсіптік құзыреттілік саласында тиісті теориялық және практикалық білім мен оқыту дағдыларын меңгеруге;
2) оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық қағидаттарын сақтауға, оқыту мен тәрбиелеудің сапасын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген талаптардан төмен емес қамтамасыз етуге;
3) балаларды жоғары адамгершілік рухта, ата-аналарға, үлкендерге, елдің мәдени-тарихи құндылықтарына, мемлекеттік құрылымы мен рәміздеріне құрмет көрсетуге, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;
4) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өмірлік дағдыларын, құзыретін, дербестігін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;
5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;
6) педагогикалық әдеп қағидаларын сақтауға;
7) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің, сондай-ақ білім беру ұйымының барлық қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыл сайын тегін медициналық тексеруден өтуге;
9) өмірлік қиын жағдайда жүрген бала анықталған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу жүйесінің органдарын хабардар етуге;
10) өзінің кәсіптік шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға, оның ішінде біліктілігін арттыруға;
11) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және шарттарда біліктілік санатын беру (растау) рәсімінен өтуге міндетті.
17-бап. Педагогтің жауапкершілігі
1) оған қойылатын кінәрат-талаптар туралы және осы кінәрат-талаптар үшін негіздер туралы ақпаратты жазбаша түрде ұсыну;
2) осы іс бойынша барлық материалдармен танысу;
3) педагогке қорғауға дайындалу үшін жеткілікті уақыт бере отырып, өз таңдауы бойынша өзі немесе өкілі арқылы қорғалу;
4) іс бойынша қабылданған шешімдер туралы, сондай-ақ осы шешімнің себептері туралы жазбаша түрде ақпарат беру;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беруді басқару органдарына апелляция беру немесе шешімге шағым жасау құқықтарына кепілдік беріледі.
V тарау. Педагогті даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру
18-бап. Педагогті кәсіптік даярлау
19-бап. Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуы
қатысу, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған басқа да нысандарда жүзеге асырылады.
VI тарау. Қорытынды ережелер
20-бап. Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасының бұзылуына жауапкершілік
Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасын бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік артады.
21-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілуі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ