"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БҰЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА БУЛАНДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Күзгі каникулды өткізу бойынша ақпарат

13.11.2020

Күзгі каникул кезінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру және жұмыспен қамту мақсатында іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Барлық іс-шаралар онлайн режимінде өткізілді. Жауапты мұғалімдер кәсіптік бағдар беру, Қауіпсіздік техникасы, балалардың құқықтарын қорғау және т.б. тақырыптар бойынша онлайн сабақтар, бейнесабақтар жасалып уақытында Инстаграм желісіне орналастырды. Бастауыш сынып оқушыларымен сурет, қолдан жасалған бұйымдар, оригами кормелер ұйымдастырылды, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде кітап оқу откізілді. Ата-аналарға арналған жалпы чатта ата-аналармен іс-шаралар өткізілді. Іс-шаралар нәтижелері бойынша 2а сыныпты, сынып жетекшісі Тукенова А.К., 2Б сынып, жетекшісі Нурмаганова М.С., 3-4А, 3-4Б сыныптар Ермекова Ж. З., Колпакова Г.В, 9а,11а сыныптар Шерипхан Айнахан және Ахметжанов Б. К. атап өтуге болады. 

Күзгі демалыс қарсаңында оқушылармен, педагог қызметкерлермен және ата-аналар қауымдастығымен коронавирустың алдын алу, қорғау және қауіпсіздік шаралары туралы әңгімелер өткізілді. "Абайлаңыз, тайғақ", "мұздағы қауіпсіздік ережелері", "көліктен сақтан", "егер сен үйде жалғыз болсаң" және т.б. тақырыптарда профилактикалық әңгімелер жүргізілді, сондай-ақ мұғалімдер ата-аналарға демалыста балалармен жұмыс істеу бойынша екінші тоқсанға дайындық бойынша ұсыныстар берді: мәтінді оқу, сөздерді қайта жазу және үйрену. Ата-аналар бейнелерді қарау, қолөнерді оқу немесе жасау және сурет салу кезінде балалардың бейнелері мен фотосуреттерін қуана ұсынды. Демалыс жемісті және қызықты өтті. Іс-шаралар мен бейнелер туралы ақпарат мектеп сайтында және Инстаграмда орналасқан.

Просмотров: 270


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст