"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БҰЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА БУЛАНДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Достық керуені"

01.02.2018

Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын,

 дербес орны бар

ұлт боламыз десек, әлем бізді мәдени жетістіктерімізбен тануы керек.

Н.Назарбаев

Бұланды ауылында «Достық керуені» бастау алды...

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Біржан сал ауданына қарасты Бұланды ауылында  мектеп басшысы Смайлова Бикеш Сағиқызының бастамасымен қаңтар айының 30 күні «Достық керуені» акциясы бастау алды.

 Аталмыш акцияда мектеп ұжымының қолдауымен «Ауылым – асыл қазынам!» атты патриоттық іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында сөз алған мектеп директоры мемлекет басшысының аталған мақаласы төңірегінде ой қозғап, патриотизмнің туған еліңе, өскен ауылға деген құрмет екенін айтып өтті. Акцияға арнайы шақырылған қонақтарға  Бұланды ауылында дүниеге келіп, әртүрлі салада еңбек еткен ауыл ардақтылары, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен Тыл қызметкерлерінің еңбектерін келешек ұрпаққа насихаттау мақсатында,  2005 жылы ашылып, мектептің өлкетану мұражайында жинақталған деректер қорының негізінде түсірілген бейне түсірілім

көрсетіліп, соңынан мектеп өнерпаздарының дайындаған арнайы концертік бағдарламасына ұласты.

Бұланды ауылының  әнсүйер қауымы  бұл күні мектептің ұстаздар ұжымының орындауындағы «Балқадиша», «Дүние-ай», «Ақдидар», «Көкек», «Сұлу қыз»,  «Бақытты әйел», «Туған жер» «Қазақстаным

алға!»,  әндерінен басқа да «Я не могу иначе», «Цвети, моя Земля», қырғыздың «Жылқышы» әндерін тыңдап, жас­тар­дың да пат­риоттық сезім­деріне куә болды.  Концертте «Ақ дидар» ұлттық ансаблінің  әсем әндері, «Жұмыр қылыш» биі, шығармашылық қойылымдар, Долий Сәулештің авторлық шығармасы көрермен көзайымына айналды. Сон­дай-ақ осы күні Бұланды төрі­нен басталған «Достық керуені» акция­сы «Ауылым – асыл қазынам!» деген атпен 31 қаңтар күні Макинка ауылының әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мен Баймырза, Қоғам, Макинка, ауылдарында да  жалғасын тапты.

Ақмола облысының мәжіліс депутаты Ақылбеков Б.С. Макинка ауылына келген қызметтік сапары аталмыш іс-шарамен сәйкес келді.  Концерттік бағдарлама соңында Макинск ауылдық округінің әкімі                 Шарипов А.Р.,  Макинка ауылының әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Кожахметов А.К., елді мекендердегі мектеп басшылары             Шарипова С.С., Абжанова М.С., Хаметова А.К. Бұланды мектебінің ұжымына өздерінің ыстық ықыластарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

«Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі» деп ел басының мақаласында айтылғандай осындай іс-шаралар өз жалғасын табады деген ойдамыз.

Просмотров: 387


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст