"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БҰЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА БУЛАНДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1-сыныпқа қабылдау туралы

18.07.2018

1-сыныпқа қабылдау туралы

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  (әрі қарай Заң) 31 бабына сәйкес 1 –сыныпқа

6, ( 7) жастағы балалар қабылданады. Білім мекемелеріне қабылдау ережелері Заңның 26 бабына сәйкес Үкімет қаулысымен бекітіледі. ҚР Білім және ғылым министрлігі «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 254 қаулысына төмендегі түсініктемені береді. Биылғы жылғы 1 – сыныпқа оқушы қабылдаудағы ерекшелік – ағымдағы жылы 6 жасқа толатын балалардың мектепке қабылдана алуы. Бұған дейін 1 –сыныпқа тек 1 қыркүйекке 6 жасқа толған балалар қабылданатын болатын. Жаңа

Үкімет қаулысында ата- аналардың сұрауы бойынша 1 қыркүйектен – 31 желтоқсан арасында 6 жасқа толатын балаларды мектепке қабылдау мүмкіншілігі қарастырылды. Бұл ата-аналардың мүдделері үшін жасалған мүмкіншілік. Баланы нақты қай жастан мектепке жіберуді ата-ана өзі шешеді. Ешбір мектепке дейінгі білім мекемелері: балабақшалар, мектеп жанындағы шағын орталықтар бұл норманы пайдаланып, баланы мәжбүрлеп мектепке 1- сыныпқа жіберуге тиіс емес. Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:

        1) баланың ата-анасынан  және өзге де заңды өкілдерінен өтініш;

2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

3) денсаулық  жағдайы туралы анықтама (026/у-3 нысаны);

4)  3x 4 көлеміндегі фото – 2 дана.

        Өзге құжаттарды талап етуге мектеп әкімшілігінің құқығы жоқ. Қаулыда білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын  барлық балалардың  қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып мектепке қабылдау нормасы сақталған. Алғаш рет ата-аналардың немесе баланың немесе оқушының басқа заңды өкілдерінің оқытуға арналған кез-келген білім беру ұйымының таңдауы бойынша құқығы қарастырылды.

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 439


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст