28.01.2026
26 қаңтар күні мектебімізде "Ерекше білімді қажет ететін оқушылармен тиімді жұмыс жүргізу жолдары. Инклюзивті оқыту" тақырыбында коучинг өткізілді.
Мақсаты:
Мұғалімдердің ерекше білімді қажет ететін (ЕББҚ) оқушылармен жұмыс жүргізудегі кәсіби құзыреттілігін арттыру, инклюзивті білім беру туралы түсінігін кеңейту, тәжірибеде қолдануға болатын әдіс-тәсілдермен таныстыру.
- Коучинг барысында:
– ЕБҚ балалармен жұмыс жасаудың тиімді әдіс-тәсілдері талқыланды;
– Инклюзивті білім берудің маңызы ашылды;
– Педагогтер арасында тәжірибе алмасу жүзеге асты;
– Зерттеушілік бағыттағы практикалық тапсырмалар орындалды.
Коучингке барлығы 14 мұғалім қатысты.
Коуч:Уалиева Аяжан Куттыбековна
Коучинг барысы (45–60 минут)
• ЕББҚЕ оқушылардың ерекшеліктерін түсінді;
• Инклюзивті оқытудың маңызын ұғынды;
• Сабақта қолдануға болатын әдістерді меңгерді;
• Өз тәжірибесіне рефлексия жасай алды;
Коучинг барысында мынадай жұмыстар атқарылды: Психологиялық ахуал қалыптастыру
«Білеміз-білмейміз» әдісі: Қатысушылар бір-біріне жағымды тілек айтады.
«Мен мұғаліммін» видеоролик тамашалау...
2-кезең. Ой қозғау (10 минут) - ЕББҚЕБ туралы мультфильм
3 кезең.Топпен жұмыс: қысқаша түсіндірме береді:постер,қорғау
4-кезең. Теориялық бөлім (10 минут) Презентация
-Жағдаят шешу:Топпен жұмыс жасайды.Қорғайды.
Сергіту жаттығулары..
4-кезең. Тәжірибелік жұмыс (15 минут)
Коуч өзінің тәжірибесімен бөлісті.
Топтық тапсырма:
Тәжірибелік жұмыс ретінде беріледі.
Коучинг соңындағы рефлексия
Нәтиже: Мұғалім ЕББҚ баламен жұмыс істеуден қорықпайды, керісінше оны дамытудың нақты құралдарын иеленеді.
Коучинг педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, инклюзивті білім беруді дамытуға және әр баланың мүмкіндігін ескере отырып жұмыс істеуге бағытталды.
✨ Әр бала – ерекше. Әр балаға тең мүмкіндік!
Өткізген:Уалиева Аяжан Куттыбековна