"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БҰЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА БУЛАНДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Атам айтқан жарық жұлдыз" мақала

24.11.2021

Атам айтқан жарық жұлдыз.              

         Мен жұмыстан күндегіден кеш келдім. Алдымнан әдеттегідей әй бұл қайссың?... Думан, Айкон, Дәу деп екі-үш немересінің атын еркелете шұбыртып қоңқа мұрнын көтеріп, бет орамалымен үңірейген көзін сүртіп, дауыстап отыратын атам бүгін жым-жырт, үндемейді. Мен әдеттегідей үйге кірдімде, ақырын басып төр үйге қарай барсам атам: «Тәуба – тәуба! Аллаға мыңда бір шүкір, қазақтың жарық жұлдызы туды!»- деп күбір-сыбыр болып өзімен-өзі сөйлесіп, көзінің жасын сүртіп, «сен бе едің?» - дегендей үңірейген көзімен маған бір қарады да тағыда көзінің жасын сүртті. Мен жанына таяп барып жақын тұрған орындыққа жайғастым.

         Кәнекей, менің алтын атам не істеп отыр екен, қандай жаңалығы бар екен?, - деп әңгімеге тартып едім. Шоқша сақалы шошайып, көзі мөлдіреп, иегі кемсеңдей тағы көзі жасқа толды. Қазақтың бағы жанып, жұлдызы жарқырап, айы оңынан туды, - деп кідіріп қалды. Ол не дегеніңіз, кімнің бағы жанып, жұлдызы жарқырап, айы туды? – қайталап, жайлап, жыламай айтыңызшы дедім.

         -Балапаным, сендердің бақтарың бар екен, осы күнді мен ғана емес менің ата – бабам аңсап өткен болатын. Сол ата-бабамның арманы мен тілегі орындалды. Қазақ деген ел Егемендігін алып дербес мемлекет болып, Тәуелсіздікке қол жеткізді. Қазақ елінің президенті Нұрсултан деген өзі жап-жас, өзі білімді, маңдайы ашық, еңгезердей, екі иығына екі адам мінсе көтеретіндей ер тұлғалы азамат екен. Яғни қазақтың бағына туған, сол қазақтың болашағын жарқын ететін ұрпағының қамын ойлайтын жан –жақты ұлтжанды, намысшыл ер екені көрініп тұр. «Қазақ үшін дара туған жарық жұлдыз»- деп сөзін тағы нақтылай түсті атам. Сонымен қатар, ол елдің басшысы дүние жүзіндегі қазақтарды атамекенге шақырып жатыр. Бұл дегенің әр қазақтың болашақ ұрпағы алаңсыз өз Елінде, Атамекенінде  бақытты өмір сүруіне деген таптырмас мүмкіндігі емес пе! Менің ұрпағым болашақта өз тілінде сөйлеп, салт-дәстүрін сақтап, діні мен ділін таза ұстауы қажет. Қазақ деген ел бар деп дүние жүзіне танытатын асып туған Ер түлға Елбасы болып тағайындалады.  . Бұл дегеніміз – қазақтың аспандағы жұлдызы жарқырады, бағы жанып, айы оңынан туды деген сөз, - деп атам маған түсіндіріп жатыр.

         Ал, жарайды сол қазақ елі қайда? Қазақ мемлкеті қайда орналасқан?- деп шұбыртып сұрақты қойып жатырмын. Ой балапаным мен сенің сондай сұрақтарды қоятыныңды білдім ғой. Ол мемлекеттің астанасы – Алматы қаласы, ол қала бізден көп шақырым қашықтықта алыс жерде тұрады деді. Біз бас салып дүние жүзілік картадан сол қазақ даласын іздеп жатырмыз. Қазақ елінің астанасы Алматыны таптық, сонымен қатар, атам Талдықорған, Қызылорда, Шымкент, Ақмола, Көкшетау, Семей, - деп біраз жерді шұбыртып айтып шықты. Мен аталған қалаларды картадан таппай әлек болдым. Ал, жарайды дербес мемлекет болып, егемендік алып жатыр делік одан бізге қандай пайда, ол елге қалай барамыз деген сұрағыма, ол елге мен емес сен барасың, менің ұрпағым барады. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол»- деген бар емес пе! – деп тағыда сөзін анықтай түсті. Неге біз?..., Сіз неге бармайсыз?... Қазақ деген ел менің Атамекенім деп қуанып отырған сіз ғой-деп мен тағы бірдеңені анықтап алайын дегендей сұрақтарымды тереңдете түстім. Атам тағы үнсіз ойланып отырды... Мен елімнен жырақ өстім. Басқа елде, басқа ұлтпен бірге өсіп, біте қайнастым. Бірақ тілімді, дінімді, ділімді, салт-дәстүрімді сонымен қатар, Атамекен – Отанымды ұмытқан емеспін. Сол Атамекенге оралатын мүмкіндік енді туды. Осы мүмкіндікті қолдан шығармау керек. Атамекенге ұрпағым жетсе менде арман жоқ... деп ауыр күрсінді. Айтып айтпай бір жылдан кейін Атамекенге деген көш басталды. Сол ұлы көшпен бірге 18-ақ жасымда сүйіктіме тұрмықа шығып, келін болып түскен еліммен бірге менде Атамекенге алаңсыз қоныс аударуға бел будым. Атамекенге көшейін деп ата-анаммен, жұртыммен қоштасуға төркінге барғанда, барлық туыстарым жылап қоштасып жатты, сонда мен атама, сіз неге жылайсыз, сіздің қалауыңыз ұрпағыңызды Атамекенге жіберу арманыңыз еді ғой? – дегенімде атам күлімдеп ия мен қуаныштымын ботам, бұл көз жасым қуаныштың көз жасы құлыным!  сен алаңдамай кете бер жолың болсын! Көп кешікпей қалған туыстарыңда барады деді. Өкінішті, осыдан 10 жыл бұрын Қазақ елі орнаған болса мен ойланбай-ақ кетер едім. Қазір мен үшін бәрі кеш. Бірақ мен өте бақыттымын. Себебі ұрпағым өз елінде тамырын тереңге жаяды. Мен үшін осыдан асқан бақыт жоқ деп мені қатты құшақтап жылап тұрды да,  «бар қазаққа менен сәлем айт!», сенің жолың түсіп, Сұлтанға кезігіп жатсаң қолынан қысып, менің атымнан рақмет айтарсың! – деген еді. Әрине, одан бері 30  жыл болды. Ширек ғасырдан астам уақыт өтті. Атам айтқан жарық жұлдызға кезіге алмасамда, кезігудің сәті түспесе де осы бір оқиғаны, атамның айтқан аманаты мен сәлемін  қағаз бетіне түсірудің сәті түсіп отыр. Мінекей сол атамның арманы орындалып, ұрпағы Атамекенде өз елінде, Отанында сайраңдап алаңсыз өмір сүріп, тамырын тереңге жайып жатыр. Әрине бұл атам айтқан жарық жұлдыз Елбасы Н. Назарбаевтің арқасы.

         Шалғай бір елде жабығып жүрдім

         Атамекенді сағынып жүрдім.

         Оралып міне, тәуелсіз елге,

         Қазақша сөйлеп, қазақша күлдім.

         Жарқырап жайна тәуелсіз елім!

         Атамекен деп сені аңсап келдім.

         Өзге бір елде «Сұлтан» болғанша

         Болайын сенің «Ұлтаның» дедім.

         Тәубә деп жүрмін, Алла деп жүрмін!

         Қазақтың бағын алма деп жүрмін!

         Тұғырлы берік, еңсесі биік,

         Елімді менің қорға деп жүрмін!

         Гүлденді далам, нұрланды қалам,

         Сыйлаған маған Атам мен Бабам.

         Еңсеңді көтер, тәубә деп қазақ!

         Осыдан артық не керек саған!

         Қазақ елі 30 жылдың ішінде өркениетті елдердің қатарына қосылып, алпауыт елдермен терезесі теңесе түсті. Ол біздің Көшбасшымыз Елбасының тынымсыз еңбегі мен қайратының арқасы деп білемін. Мен Отаныма 1992 жылы оралған едім. Мінеки осы жылдың көктемінде біздің отау болып шаңырақ көтергенімізге 30 жыл толады. Яғни, жас Қазақ деген елмен бірге бізде қатарласып өсіп-өніп келеміз. Ұлымызды ұяға, қыздарымызды қияға қондырып өзімізше тірлігімізді жасап, еңбек етіп еліміздің өркендеуі мен өсуіне азда болса  үлесімізді қосып келеміз. Тәуелсіз қазақ елі қарыштап даму үстінде, сол елдің дамуы мен өркендеуінің куәсі болып бізде бейбіт елде бақытты өмір сүріп жатырмыз. Ол біздің Елбасының арқасы екені барша қазақ даласында өмір сүріп, ауасымен тыныс алып жүрген әр жанға мәлім екені даусыз. Егерде Қазақ елі Тәуелсіздік алмаса, шетте тарыдай болып шашырап кеткен қандас бауырларын Елбасы шақырмаса мен қайда болар едім... деген үлкен ой толғандыратыны анық. Сондықтан да осы күніме тәуба етіп, Елбасына ұзақ ғұмыр тілеп, Қазақ елі мәңгі жасай берсін дегім келеді

         Сонымен қатар, тәуелсіз елдің өркендеуі мен дамуы өскелең ұрпақтың қолында.  Ұрпағымыз ұлағатты, намысшыл, ибалы, адал және жігерлі болса ғана ел – ел болып қалыптаса алады. Елдің болашағын ойлайтын ұл-қыздарымыздың маңдайы ашық, жұлдызы жарық болып, қазақтың жарқын болашағы үшін аянбай тер төгетін болсын!

Әрине,  менің атам айтқа жарық жұлдыздың дені сау, беделі биік, арманы асқақ болғай!

        

 

Ақмола облысы Біржан сал ауданы

 «Бұланды ауылы ЖОББМ» КММ-нің

Қазақ тілі мен әдебиет пәні

мұғалімі Долий Саулеш

тел: 87778031639

Просмотров: 456


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст