"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БҰЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА БУЛАНДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаратылыстану ғылымдар апталығының қорытындысы

19.02.2019

Жаратылыстану ғылымдар апталығының қорытындысы

         Мектебімізде «Жаратылыстану әлеміне саяхат» атты жаратылыстану пәндер апталығы болып өтті.

        Оқушылардың қызығушылығын арттыруда пән апталықтарының орны ерекше. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз – оқушыларға жаратылыстану бағытындағы пәндердің өмірмен байланысты екенін түсіндіру. Әртүрлі іс-шаралар арқылы балалардың пәнге деген қызығушылықтары мен ынтасын оятып қана қоймай, логикалық ойлау, тапқырлық, интуиция, ой-өрісі, дербестік қасиеттерімен мақсатқа жетуге үйрету болып табылады.

         Жыл сайын апта барысында түрлі сайыстар мен іс-шаралар өткізіледі.
 Апталығымыздың салтанатты ашылуы оқушылардың көрсеткен шағын көрініс, әр пәнге арналған өлеңдерден басталды. 

        Жоспарға сай 3 кіріктірілген ашық сабақ, атап айтсақ, 11«Б» сыныбында география және информатикадан «Япония» тақырыбында (пән мұғалімдері Андриянов А мен Оспанова Г.Е); 9«А» сыныбында география және физикадан   «Қазақстанның көлік кешеңдері. Жылу қозғалтқыштарының энергетиканың дамуындағы рөлі» тақырыбында (пән мұғалімдері Ахметжанов Б.К мен Бейсекеев А.И.); биология мен өзін-өзі танудан кіріктірілген «Сүйектің байланысу типтері» атты сабақты Адий А өткізді. Сабақтарда оқушылар  белсенді қатысып, білімдерін ұштастыра білді.

          Аптаның бірінші күні 5-11 сынып оқушылар арасында жаратылыстану пәндер бойынша олимпиада өткізілді.

         5-6 сынып оқушыларының арасында «Жаратылыстану әлемі» атты сабақтан тыс жұмысты биология пәнінің мұғалімі Мұратхан М өткізді.

         Аптаның соңы биология мен өзін-өзі тану  пәні кіріктілген «Биологический КВН» атты кештікпен аяқталды.
Пәндер олимпиадасы және  өткізілген әртүрлі  іс-шараларды марапаттау рәсімі кештікте жалғасын тапты. Әр пән бойынша ең жоғары  ұпай алған 12 оқушы «Ең үздік нәтиже» номинациясымен, 1,2,3- орын иеленген оқушылар Грамота және арнайы сыйлықтармен марапатталды. 

          Жүргізілген іс-шаралар  оқушылардың назарының дамуына, есте сақтау, тілдік қабілеттерін жетілдіруге, үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) қарым-қатынас жасау дағдыларын жүзеге асыруға, дарынды оқушылардың ойлау қабілетін жандандыруға септігін тигізді. 

ӘБ мүшесі:          Адий Аманжол

Просмотров: 411


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст