"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БҰЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА БУЛАНДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президентінің сайлауы

09.06.2019

Бүгін Бұланды мектебінде № 251 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президентінің сайлауы өтіп жатыр. Сайлауға таңғы алты сағаттан сайлау учаскесінің төрайымы Смайлова Бикеш Сағиқызы, комиссия мүшелері Рахимжанов Толыбай Сапарұлы, Жунусов Жанат Госманович, Жумагожина Күлбарам Сәрсенқызы, Жакупова Ботагоз Ертаевна және «Аманат» азаматтық платформасының мүшесі Долий Саулештер келіп, сайлауға дайындықты тағы да пысықтап науқанға кірісті. 7 сағатта комиссия төрайымы Смайлова Бикеш Сағиқызы комиссия мүшелерін құттықтай отырып сайлаудың басталғанын жария етті. Бірінші сайлаушы ауыл тұрғыны Кайкенова А. А өз таңдауын жасап, сыйлыққа ие болды.

            Әрине ауыл тұрғындары белсенділік танытуда.Сайлау комиссия төрайымы ең алғаш дауыс беруші жастар мен ең қарт сайлаушыға сыйлық ұсынды.

            Сондай –ақ комиссия төрайымы мен комиссия мүшелері бірінші рет дауыс берушілерді нұсқаулықпен таныстыра отырып, жастарға өз таңдауларын жасауға жол көрсетті. Бұл кезектен тыс сайлау Елдің болашағына жол ашудың бірден –бір жолы.

             Сондықтан да әркім өзінің дұрыс таңдауын жасауы тиіс. Сағат 11 ге дейін тұрғындардың 50 пайызы келіп үлгерді. Бұл көрсеткіш азаматтар мен азаматшалардың ел болашағына деген қызығушылығының көрсеткіші деп айтуға болады.

Просмотров: 449


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст