"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БҰЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА БУЛАНДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мамандық таңдаймыз

17.03.2023

8 «А» және «Б» сыныптар оқушыларымен «Мамандық таңдаймыз» тақырыбында іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараның басты мақсаты - Е.А.Климовтың мамандық типтерімен таныстырып,  мамандықтар түрлері туралы білімін кеңейту. Мамандықты таңдау ережесімен таныстырып, көмек беру.  Іс-шара «Қол алмасу» атты тренингімен басталды. Тренинг барысында оқушылар екі қатар шеңбер жасап тұрып, айнала отырып қолмен, аяқпен, баспен және шынтақпен амандасты. Оқушылар Н.К.Крупская «Мамандық олардың көңілінен шыққанда, адам өз ісіне қызығушылық танытқанда, өз ісіне ғашық болған кезде ғана жұмысынан қуаныш ала алады» эпиграфымен танысып, сынып сағатының тақырыбын анықтай алды. Оқушыларға жаңа шыққан мамандықтар түрлері туралы ақпарат берілді. Мамандықты таңдаудағы жетістік формуласына сүйеніп (қалаймын, мүмкін, керек) өздерінің мамандықтарын анықтады. Оқушылар мамандықтарды Е.А.Климовтың ережесі бойынша 5 типке бөліп шықты.  Мамандық таңдаудағы қателіктердің алдын алу мақсатында, психологтар мен Гиперманның сөздеріне сүйене отырып, оқушыларға мотивация берілді.  Біліктілік қасиеті, қабілеті, арман мен құлшынысы болмаса жақсы маман болу мүмкін еместігін түсіндік.

Профориентатор мұғалімдері Оразбаева А.К. Және Абилкалыкова Д.Е.

Просмотров: 298


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст