"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БҰЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА БУЛАНДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жақсылық жаса" - Бұланды орта мектебінің еріктілері

05.09.2020

Бұланды ОМ-ң директоры Смайлова Бикеш Сағыйқызының жетекшілігімен ұстаздар қауымы "Жақсылық-жаса!" -атты еріктілер тобы 28-тамыз күні Макинка аулындағы қарттар үйіне барып, ондағы тұрғындардың көңілін көтеріп, әртүрлі шаралар өткізіп қайтты.

Онда денешынықтыру мұғалімдері Ожеке Хайратбек ұлттық ойынымыз "Асық ату", "Тоғыз құмалақтан" сайыс өткізсе, Сарманов Ершат Есенұлы шахмат пен дойбы ойындарынан жарыс жүргізіп қарттардың көңілін таба білді.

Сонымен қатар Постникова Наталья Викторовна орамалдың шетін әшекейлеу, және Адий Аманжол қол саусақтарына жаттығу жасау тәсілдерінен шеберлік сабақ өткізді.

Сондай-ақ осындағы үлкен кісілерге Долий Саулеш "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұлтымыздың ұмыт болып бара жатқан киіз басуды насихаттап, жүннен оңай жасалатын кәде сыйлықтарды жасау тәсілдерінен шеберлік ссбақ өткізді. Қарттарға қалташалар мен телефон, көзілдірік салатын шағын бұйымдарды жасап, қалай әрлеу керек екендігін үйретті.

Бейсекеев Амантай Ысқақұлы "Дүние-ай", Тилеугазы Сандуғаш Жалелқызы "Любовь настала", Тукенова Аяжан Құттыбекковна мен Тилеугазы Сандуғаш Жалелқызы екеуі "Ақ дидар"-әнімен шашу шашып, ата-әжелеріміздің көңілін көтеріп алғысына бөленді. Осы іс-шараны ұйымдастырушы Оспанова Гүлжамиля Ертайқызы.

Соңында қарттар үйінің директоры мен тұрғындары біздің ұжымға алғыстарын айтып, алдағы оқу жылында толағай табыстар мен денсаулық тілеп ниеттерін білдірді. 

Просмотров: 288


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст