"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БҰЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА БУЛАНДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына 7 қағидадан тұратын жолдауын жариялады

13.09.2020

Құрметті әріптестер  1 қыркүйек білім күні құтты болсын!

Жаңа оқу жылы табысты болып  еңбектеріңіз жемісті   болсын.

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына 7 қағидадан

тұратын  жолдауын жариялады.

Жолдауда жер бетінде болып жатқан дағдарыс пен індеттен шығудың жолдары мен  бағыттарын көрсете отырып  халықтың әл ауқатын жақсартуға алғы шарттар қарастырылған.

Үкіметтің алдында азаматтық қоғаммен бірлесіп, нормативтік-құқықтық база әзірлеп,  медицина мен білім саласына қолдау көрсетуі  қарастырылған

Сондай-ақ, ғылым саласын дамыту үшін тың көзқарас пен жаңа тәсілдер керек екенін атап өтті. Ал ол үшін  халықаралық тәжірибеге арқа сүйеп, ғылым саласын дамыту  үшін. "Үкіметке жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында  500 ғалымның  тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ, "Жас ғалым" жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін мың грант бөлуді тапсырды.                 

Президент оқушылардың білім алуын  қалыптасқан  дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеу  керектігін атап айтты.

Сондықтан санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыпстасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеген жөн. Бұл әсіресе мектептер үшін маңызды. Күнделікті мәселелерді шешумен қатар балалардың бәріне бірдей мүмкіндік туғызу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Балалар қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да, сапалы білім алуы керек", - деп Тоқаев атап көрсетті.

Сондай-ақ, 2021 жылдан бастап медицина мен білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар мен дәрігерлердің жалақысының аздығы.

«Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердердің еңбекақысын  25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым.  Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді», – деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Президенттің айтуынша, мұғалімдердің жалақысын көтеру үшін алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді. Осылайша, ұстаздардың еңбек ақысы екі есеге артыру керектігі айтылды.

Біз  Бұланды орта мектебінің ұстаздар қауымы Президентіміздің  осы жолдауын  қолдай отырып  еліміздің болашағы  жастарға сапалы білім мен  саналы тәрбие беруде  өз үлестерімізді  қосуға дайынбыз.

Просмотров: 515


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст