"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БҰЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА БУЛАНДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"111 -ұлттық сенім телефоны" сынып сағаты

13.04.2018

Тәрбие сағатының жоспары

Тақырыбы: 111 – ұлттық сенім

телефоны.

2-4 «A» сыныбы

Сынып жетекшісі Жуманова Д.О.

Тәрбие сағатының тақырыбы: «111 – ұлттық «сенім» телефоны».

Мақсаты: 111 номерлі ұлттық «сенім» телефонын насихаттау.

Тәрбие сағат көрнекілігі: «Сенім» телефоны туралы суреттер.

1. Кіріспе.  «Сенім» телефоны туралы сюжеттік суреттер арқылы сынып сағатының тақырыбы мен мақсатын анықтау.

2. Негізгі бөлім. І. Оқушылардың тақырып бойынша түсініктерін анықтау мақсатында кластер ұйымдастыру.Ойларын тыңдау, ой қосу, пікір алмасу.

Пікірталас ұйымдастыру.

§ Сенім деген сөзді қалай түсінесің?

§ Өзіңе сенім артқан кезде қандай сезімде боласың?

§ Қандай адам сенімге ие болады?

§ Адамдардың барлығына сене беруге бола ма? Неге?

§  Адамдар сенімді кісіге қалай қарайды?

2. Ал, егерде қасыңда жан-сырыңды ұғатын жан досың болмаса, жақының болмаса- қандай күйде боламыз?

Күйзеліске душар боламыз ба?

3.Күйзелісті болдырмау үшін не істеу қажет?

 Біріншіден: стресс кезінде ағзадағы витаминдер қоры әсіресе В тобы тез таусылады. Көптеген

дәрігерлер күнде витамин ішуге кеңес береді, дегенмен де артық ішіп қоймаңыз. Барлығы орнымен болғаны жөн. 

Екіншіден: дене жаттығулары өте пайдалы. Спорт залына барыңыз, жаттығу жасаңыз, билеңіз, ән айтыңыз, қалада серуендеңіз, бассейнге, моншаға барыңыз. 

Үшіншіден: психикалық және дене релаксациясы қажет. Келесі тәсілдерді көріңіз: босаңсытатын музыка таңдаңыз, түнгі аспанға бұлтқа қараңыз және армандаңыз. 

Төртіншіден: үйлесімді өмір үшін жанұяның, достардың қолдауы қажет. Психологиялық

тренингтерге барыңыз, жанұя салтанаттарынан қалмаңыз, жаңа қызықты адамдармен танысыңыз.

  Ата-аналарыңызға, ата-әжелеріңізге, баурларыңызға көңіл бөліңіздер, өйткені олар сіздің махаббатыңызды,

қамқорлығыңызды, мейіріміңізді өте қажет етеді емес пе?

4. Бірақ осы тығырықтан шығатын жол бар! Көмекті қажет ететін балаларға  үкімет тарапынан көмек

көрсетіледі!

Кәмелет жасына келмегендердің құқығын қорғайтын «Баланың құқықтары туралы», «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу туралы» заңдар, «Неке және отбасы туралы» кодекс бар. Бала да, оған көрсетілген зорлық-зомбылық куәсі болған басқа біреу де кез келген құқық қорғау органдарымызға: полицияға (тел. 102), прокуратураға, балалардың құқығын қорғайтын уәкілетті өкіл Зағипа Балиеваға (тел. 111) телефон шала алады. Олар міндетті түрде шара қолдануы тиіс.

2004 жылы Қазақстан БҰҰ-ның Балалар құқықтары жөніндегі конвенцияға қол қойды. 2006

жылдан бастап Қазақстанның білім және ғылым министрлігінде балалар құқығын қорғау комитеті жұмыс істейді.

Биылдан бастап Қазақстанның балалар омбудсмені –балалардың құқығын қорғайтын уәкілетті өкіл болып мәжіліс депутаты Зағипа Балиева белгіленді.

 

Сенім телефоны тур алы плакаттар мен жарнамалық суреттерді ұсыну.

ІІІ. Қорытынды.

1.   Күніне жоғарыда

аталған телефон номеріне 300 қоңырау соғылады екен, яғни 300 балаға көмек

көрсетіледі. Біздің сыныпта осымен хабардар етілді. Енді осы «сенім» телефон

номерін жазып, жаттап, басқаларға да насихаттауымыз керек!

2.    Рефлексия. Оқушылар сынып

сағатынан алған әсерін кері байланыс түрі ретінде түрлі түсті

стикер-«алмаларға» әсерлерін жазады: қызыл 

түстіге- қызықтырғаны, жасыл түстіге – әсері шамалы болғаны туралы

пікірін жазып білдіреді.

3.   Күнделікке сенім телефон номерін жазғызу.

Просмотров: 1676


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст