"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БҰЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА БУЛАНДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көктем келді, жер көгерді, құлпырады жер енді!

19.04.2018

Көктем келді, жер көгерді, құлпырады жер енді!

Қаһарлы  қыс ақ көрпесін лақтырып тастап көгілдір көктемге орын берді.Климаты қатал келетін біздің Көкше өңірінде көктемнің пердесі енді түріліп жатыр. «Сәуір болмай тәуір болмас»деген сөз бар халықта.Күннің көзі жылтырап,ауа райы біршама жылынып қалды.Көктемгі қайнаған тіршілік ақырын бастау алды.

Бұланды орта мектебі бүгін бейсенбіде тазалық күнін ұйымдастырды. Мектеп ауласына шыққан ұстаздар мен оқушылар мектеп ауласын күзден қалған шөп-шаламдар мен жапырақтардан тазарту жұмыстарын жасады.Сонымен қатар мектеп айналасындағы гүлзарлар мен бақшаның жерін қопсытып дән-дақыл егуге дайындады. «Жұмыла

көтерген жүк жеңіл»демекші ұстаздар мен оқушылардан құрылған топ әп –сәтте мектеп ауласын мұнтаздай етіп тазалап қойды. Қайнаған тіршіліктің кезі келді әйтеуір! Қаһарлы әрі ұзақ қыстан аман шыққан Бұландылықтардың бүгінгі бейсенбілік көңіл-күйлері ерекше! Еңбектеріміз жемісті болып,биылғы жыл молшылық жылы болсын! Біз жазға дайынбыз! Төрлет көктем!

Просмотров: 646


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст