"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БҰЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА БУЛАНДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 73 жыл

03.05.2018

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 73 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының

ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды

біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз – өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және

сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын

жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды

өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз

еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын

пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына

оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.

            Мінеки осы атаулы мерекені қарсы

алу үшін Бұланды орта мектебінің ұжымы 30 сәуір күні ауылдағы ескерткішке барып

маңайын тазалап, ақтап, сырлап деген сияқты жұмыстар жүргізіп келді. Әрине бұл

іс-шараға ауылдағы атқа мінерлердің де назарында болуы тиіс. Сол атқа

мінерлердің арасында мектеп ұжымына қолдау көрсетіп, қол ұшын берген Көшкінбаев

Жанат Сағындықұлы ескерткішке керек кейбір заттарды алып беріп жомарттық

танытты. Сонымен қатар балалары келіп батыр 

бабаларының аты жазылған ескеркіш тақтаны бояуға, сылауға көмектесті. Мұндай

үлкен іс-шараға ауыл болып жұмыла кіріссе құба –құп болар еді. Жанат мырзаның

бұл ісі басқа атқа мінер ағалар мен інілерімізге үлгі  болса екен деген ниеттеміз. Ұжымға алдағы

мерекелеріңіз құтты, денсаулықтарыңыз мықты болсын дегім келеді.

Просмотров: 438


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст