"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БҰЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА БУЛАНДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балалардың аз сөйлеуі мен тіл кемістігін алдын алу. Абилкалыкова Динара Елубаевна «Бұланды ОМ» ММ педагог-психологы

03.12.2020

Балалардың аз сөйлеуі мен тіл кемістігін алдын алу.

 

              Менің тәжірибемде кездесетін ең өзекті проблемаларының бірі: балалардың аз сөйлеуі, өз ойларын толық жеткізе алмауы, тіл кемістігі. Оның пайда болу себептері әр түрлі. Егер тіл кемістігін уақытында мектепке дейін алдын алмаса, баланың айналамен қарым-қатынасы қиындай түседі. Сөйлеуді түзету проблемасы бүгінгі таңда өзекті проблема болып отыр. Көп жылдық тәжірибе бойынша тіл кемістігін алдын алу және сөздік қорын байыту мақсатында балалардың кішкентай жаста болуын ескере отырып, оларды уақытында анықтап алдын алу қажет. Алдын алу жолдарының әдіс-тәсілдері көп, бірақ ең маңызды тәсілі: қолдың ұсақ және жалпы моторикасын дамыту,баламен көбірек әңгімелесу, ертегілер оқу керек. Балалардың сөйлеуінің дамуы қолдың ұсақ моторикасының дамуымен тікелей байланысты. Балалардың психикасын, ми қызметін зерттейтін ғалымдар, қол функциясын ынталандырудың маңызы зор екендігін белгілейді. Сөйлеудің дамуына ынталандыра әсер етумен қатар, қол саусақтарының қимылдарын жаттықтыру, бас ми қабығының жүмыс істеуін ең керемет жоғарылату құралы.

          Құрметті ата-аналар, балаларыңызға 10 айдан бастап қол саусақтарына арналған белсенді жаттығуларды орнатуға және балаларға түрлі ертегілерді оқу керек. Сәбилерге әуелде ірі, көркем, әдемі боялған заттарды, содан кейін ұсақ заттарды беріңіз: пирамидалардың сақиналарын жинау, резеңке тізілген ірі маржандарды жинау, оларды әрі-бері уқалау, қағазды жырту, бисерлерді ыдысқа жинау, түймелерді, әр-түрлі макарондарды, әр түрлі фасольды салып беріңіз, сәби, әрине сіздің көзіңіздің алдында осы заттарды бір қолдан бір қолға салып алмастырып ойнауы. Мектепке дейінгі жаста өлең-шумақтар жаттаумен бірге жеңіл жаттығуларды жасаңыздар, әдеттегі іс-қимылдарды айтамын: өзі киіну, түймелерін салу және шешу, бауын байлауды дамытуды ұмытпаңыздар. Мектепке дейінгі балалармен қолдың ұсақ моторикасын дамыту үшін келесі жаттығуларды да  жасауға болады: ұсақ тастар мен дәндерден өрнектерді салу, балшық пен ермексаздардан заттарды жасау, маржан түймелерді тізу, қайшымен қию, түрлі-түсті жіптерді қайта орау, қиындата отырып мозайканы жинау. Сонымен қимылдау және сөйлеу функциясының өзара реттеу механизімі сөйлеудің дамуын позитивті бағытта «орнынан қозғауы» үшін қол саусақтарының жіңішке қимылын құрастыру жөніндегі әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдану қажет. Бала тілінің кемістігін алдын алу және сөздік қорын көбейту үшін, жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін: отбасының барлық мүшелерін психологиялық қолдау және сауаттандыруды маңызды орынға қою керек.

Абилкалыкова Динара Елубаевна  «Бұланды ОМ» ММ педагог-психологы (фото с архива)

.

Просмотров: 360


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст