Текст
29.12.2020
Бүгін, яғни 2020 жылдың 29 желтоқсанында Біржан сал ауданының әкімі Есжанов Достанбек Берікұлының атынан қамқордағы балаларға сыйлықтар табыс етілді. Біржан сал ауданының әкімінің орынбасары Ахметова Орынбасар Тендыковна балаларға сыйлықтар: шаңғы костюмдері мен тәттілерді табыс етті. Наталья, Дильназ, Татьяна және Ораз сыйлықтарға өте қуанышты болды. Өз кезегінде Татьяна өлеңін айтып берді, ал Дильназ бен Наталья " Жаңа жыл "әнін орындады. Қамқоршы Сатыбалдинова Анар Қабдоллақызы Орынбасар Тендыковнаға алғыс айтып, денсаулық және жаңа жылда жұмыста табыс тіледі, ал балаларға жақсы оқып, үлкен азамат болуға тілек білдірді.